top of page
Оңға қарай көз тастаңыз

Тобы: Орта деңгей

Лексикалық тақырып: Достық

Сабақтың мақсаты: Тыңдаушылардың қазақша сөйлеу тілін дамытып, сұхбат немесе монолог түрінде сөйлеу тілін қалыптастыру. Осы тақырыпқа байланысты ой, пікір алмасу. Сөздік қорларын молайту. Грамматикалық материалмен жұмыс.

 Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ 

 Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, айтылым, тыңдалым, жазылым, сұхбат.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар,оқулық.

Сабақтың  барысы:

1 кезең. Бағдарлау – мотивациялық кезең

  • тыңдаушылармен сәлемдесу.

  • сабаққа қатысымын тексеру.

 

2 кезең. Жаңа сабақ

СӨЗДІК ҚОР

Адал – честный

Ашушаң – вспыльчивый

Аласа – низкий    

Ақкөңіл – веселый

Әдемі – красивый

Баяу қимылдайды – медленно двигается

Жомарт – щедрый

Жолдас – товарищ

Қысқа бойлы – с низким ростом

Қаталдау – построже

Келбетті – симпатичный

Мейірімді – добрый

Мақтаншақ – хвастун

Қатігез – жестокий

Тұйық – замкнутый

Момын – тихий

Пысық – шустрый

Сылбыр – медленный

Сараң – скупой

Салмақты – сдержанный

Тартымды – привлекательный

Сөздерді ретімен орналыстырып, сөйлем құраңыз.

1.аласың?/ дүкеннен/ Сен/ қашан/ кітап/ жолдасыңа

2.досыңның/ Мынау/ сыйлық/ күніне/ сенің/ туған

3. жаңбырды/ жақсы/ досы/ Менің/ әкемнің/ көреді

4. баласы/ Менің/ сыныпта/ танысымның/ оқиды/ бірінші

5. Мен/ ренжітпеуге/ достарымды/ тырысамын/ туыстарымды

6. құрбысы/ екен/ Мына/ үйде/ көпқабатты/ сіңлімнің / тұрады

7. істейді/ ағасы/ аспаз/ мейрамханада/ Оның/ болып/ жолдасының

8.Менің/ келеді/ жағажайға/ барғым/ әріптестеріммен

9. тениспен/ Сіздің/ аптасына/ ойнайды/ бір рет/ досыңыз

10. Сенің/ тұра ма?/ досың/ Қызылорда/ жақын/ қаласында

 

 

 

 

  1. Мәтінді оқыңыз

                                       СЕНІМ КЕРЕК АЛДЫМЕН      

  Достық адамдардың бір – біріне  сенуінен басталады. Сенім артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір – біріне сенім жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар. Бірақ ол жалған достық, бірде бар, бірде жоқ. Мен өмірде көптеген адамдармен дос болып көрдім. Адамдардың мінездерінің түрлі болатынын көрдім. Достарымның барлығы жақсы болған жоқ. Амал дос та, адал дос та кездесті. Бірақ мен мақтан тұта алатындай сенімді дос таптым. Оның бар болғанына қуанамын. Оған сенемін және оның қиын сәттерде қасымнан табылатынын білемін. Досыма қиын жағдайда мен де көмектесемін, әрқашан бір – бірімізді түсінуге тырысамыз. Досымды мақтан етемін.

  1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сіз мәтін авторымен келісесіз бе? Достық сенімнен басталады деп ойлайсыз ба?

  2. Сіздің ойыңызша,  «ең жақын дос» деген кім?Ол қандай болу керек?

  3. Адамда неше «ең жақын дос» болуы мүмкін?

  4. Жан досқа даайтылмайтын сырдың болуы мүмкіе бе?

 

Ұлы адамдардың ұлы пікірлерін оқыңыз. Есте сақтаңыз.

  • Қиын күнде қол ұшын берген – нағыз дос,

         Жайшылықта доспын деген – жай сөз.    Сайф Сарай

  • Жаман дос – көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.         Абай Құнанбаев

 

  • Дос достың кемшілігін кешіре білер.           Жүсіп Баласағұн

 

Сұрақтарға жауап беріңіз. Әріптесіңізбен не досыңызбен сұхбаттасыңыз.

Ұлылардың пікірлерімен келісесіз бе?

Досты қандай жағдайда кешіруге болады?

Қандай жағдайда ең жақын досты кешіруге болмайды деп ойлайсыз?

 

Мәтінді оқыңыз.

                                      ӨМІРДІҢ МАҢЫЗЫ

Бірде ұстаз сабақ үстінде шыны құтыны алып, оны ірілеу тастармен толтырады. Сосын студенттерге қарап «Құты толды ма?» - деп сұрайды. Студенттер «Иә!» деп жауап береді. Сонда ғалым құтының үстіне ұсақтау тастарды салып, ірі тастардың арасын майда тастармен толтырады да, тағы да  студанттерден  «құты толды ма?ә – деп сұрайды.Студенттер құтының толғанын айтады. Құтыны құммен толтырғанда, ірілеу мен ұсақтау тастардың арасындағы барлық қуыстары түгелдей толады. Ұстаз студенттерге қарап: «міне, құты енді толды. Мұнда бос орын жоқ. Мен осы құтының сіздердің өмірлеріңізге ұқсас екенін түсінсеңіздер деймін. Ірілеу тастар өмірлеріңіздегі ең маңыздысы;отбасы,балаларыңыз, денсаулығыңыз, достарыңыз. Одан кейін салынған ұсақтау тастар өмірдегі жанама саналатын – жұмыс, үй, автокөлік және тағы басқа заттар. Ал құм  - өзіміз айтатын «өмірдің ұсақ – түйектері».

Егер сіздер, алдымен құтыны құммен толтырсаңыздар, онда ірілеу және ұсақтау тастарға орын қалмас еді.өмірде де солай. Егер сіз барлық күш – қуатыңызды ұсақ түйектерге жұмсасаңыз , онда ешқашан маңызды заттарға уақыт таба алмайсыз, олар үшін орын қалмайды. Сондықтан өз бақытың үшін маңызды болып саналатын нәрсеге назар аударыңыз. Шын мәнінде құнды болып табылатын нәрселерге қамқор болыңыздар. Өз басымдықтарыңызды белгілеңіздер. Әрі өмірдегі қалған нәрселердің барлығы құм екенін ұмытпаңыз.

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Әңгіме сізге ұнады ма?

  2. Неге әңгіме «өмір маңызы» деп аталады деп ойлайсыз.

  3. Егер сіз мақала авторы болсаңыз, қалай атар едіңіз.

 

Әріптесіңізбен немесе достарыңызбен, отбасы мүшелерімен пікірлесіңіз.

  • Сіздің пікіріңізше, «өмірдің ұсақ – түйектері» деген не?

  • Сіздің ойыңызша «өмірдің ұсақ – түйектері» адам өмірін өзгерте ала ма?

 

 Грамматика

1.Қажетті форманы қойыңыз.

Лау / - леу, дау/-деу, тау /- теу, рақ/- рек, ырақ/-ірек

Сіздің қызыңыз пысық...............

Жаңа қызметкер жұмысқа бейім .......................

Әсет бүгін көңілді ..................  көрінеді.

Салаттың тұзы ащы ...................... болыцпты.

Бүгін жұмыстан кеш......................... қайтамын.

Мына кілемнің сапасы жақсы ...........................

Жаңа үйіміздің асүйі кең..................................

Бастықтары қатал ...................... адам екен.

Мына пәтер әдемі ........................................ екен.

Дүкен үйден алыс ................. жерде екен.

 

2.тиісті сөздерді қойыңыз.

Ұзын, қаралау, қоңырлау, жұмсақтау, мейірімді, ақкөңіл, бұйралау

  • Майраның бойы ұзын.

  • Шашы ....................... , .........................

  • Көзі ................................

  • Мінезі ...........................

Адамдарға үнемі көмектеседі.

  • Ол өте ............................. қыз.

  • Мен оның ......................... мінезін ұнатамын.

 

 

Қарама – қарсы мағынада жазыңыз.

1.менің шашым қысқалау                       оның шашы ұзындау

2. менің бойым ұзынырақ                      сенің .....................................

3. менің көзім қоңырлау                         оның ......................................

4. менің мінезім жұмсақтау                 сіздің ....................................

5. мен мейірімдімін.                               Ол ........................................

6.Мен жомартпын.                               Сен ......................................

7. мен ақкөңілмін.                                  Сіз .....................................

8. мен баяумын.                                     Ол ........................................

 

Тиісті сөзді қойыңыз.

  • Сенің досың жақсы адам/досың, досыңыз/

  • Менің бойым .........................../ орташалау, қара/

  • Сіздің балаңыз ...................... екн/тартымдылық, жомарт/

  • Біздің анамыз ........................ жан / момындау, келбет/

  • Сенің досың .......................... адам екен / ашу/ ашушаң/

  • Оның хатшысы ...................... екен. / салмақтырақ, салмақ/

Сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. Сіздің мінезіңіз қандай?

  2. Досыңыздың ше?

  3. Сіз қаталсыз ба?

  4. Үнемі шындықты айтасыз ба?

  5. Досыңызды пысық деп айтуға бола ма?

 

Тапсырма. Өз әріптесіңізден, досыңыздан қай қаладан келгенін сұрап жаттығыңыз.

Қайдан боласыз?

Қай жақтікісіз?

ТЫҢДАЛЫМ                     

 

Сөйлеушілердің әңгімелері бойынша сұраққа жауап беріңіз.

 

  1. Олар достарын қалай тапты?

  2. Досын компьютер арқлы кім тапты?

  3. Кім өз досын жұмысқа кіргенде тапты?

  4. Досын көлік тұрағында тапқан кім?

  5. Кім әуежайда досын тапты?

  6. Студент болғанда дос тапқан кім?

2.Тыңдаңыз.Сұраққа жауап беріңіз. №2

Есімі

1........................... Мына жігіттің ....................... ............................... көп екен.

2............................ Бір жақсысы, ...................................................... , кешірді.

3. ........................ . Сондай ............................. , ........................... болып көрінді.

4. ..........................   .................................... агенттен тапқанмын.

5. .......................... ................  ..............................   .................. араласып тұрамыз.

 

  1. Сұхбатты тыңдап, бос орынды толтырыңыз.

  1. Досының аты кім? ....................................................................................

  2. Бойы қандай?..............................................................................................

  3. Түрі ше?......................................................................................................

  4. Мінезі қандай?............................................................................................

 

 

 

 

СӨЙЛЕСІМ

Жұптық жұмыс

А. Бос ұяшықтағы дос – құрбыңыздың есімдерін жазып, мінезін бірсөзбен айтыңыз.

 

Ә. Жақын досыңыз/ құрбыңыз туралы сұрақтарға жауап  беріңіз.

1. сіз неге онымен дос болдыңыз?

2. Сіз неге оны жақсы көресіз?

3.Досыңыздың сіз ұнатпайтын мінезі бар ма?

4. Екеуіңіздің мінездеріңіз ұқсас па?

5. Оның мамандығы қандай? Қайда жұмыс істейді?

6. Бос уақытында немен  шұғылданады?

 

Б. Достық ағашыңды екінші тіл үйренушіге көрсетіңіз. Ондағы достарыңызбен таныстырып, сипаттап беріңіз.


В. Енді оның достық ағашын қараңыз. Өзара сұрақ қойып, жаттығыңыз.

ЖАЗЫЛЫМ

  1. Жақын досыңызызбен қарым – қатынасыңыз туралы шағын шығар ма жазыңыз.

 

Сабақты бекіту

  • Осы тақырып бойынша қандай жаңа сөздерді меңгердіңіздер?

  • Ұлы адамдардың достық жайлы қандай пікірлерін білесіздер?Жатқа айтыңыз.

  • Сіздің пікіріңізше, «өмірдің ұсақ – түйектері» деген не?

  • Сіздің ойыңызша «өмірдің ұсақ – түйектері адам өмірін өзгерте ала ма?

Тақырып:  Ауа райы. Жыл мезгілдері.

 

Мақсаты: Коммуникативті: Өткен сабақта алған білімдерін тексеру. «Ауа райы», «Жыл мезгілдері»  тақырыптары  бойынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру, грамматиканы жетілдіру

Дамытушылық:  Ойлау және қиялдау қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелік:  Бір- бірінің пікірін сыйлауға, өзара көмектесуге, шыдамдылыққа үйрету

Көрнекілігі: карточкалар, суреттер, компьютер 

 

Сабақтың барысы:

 

 Мұғалім: - Сіздер білесіздер ме, адамдар қандай тақырыпқа жиі сөйлеседі? Әрине,  «Ауа райы» тақырыбына. Адамдар ауа райы туралы  күнде сөйлеседі деп айтуға болады.   

 

 Топ екі командаға бөлінеді. Бірінші топты  - «Қар», екінші топты – «Күн» деп атаймыз. Сіздерге жеті түрлі тапсырма беріледі:

 

Тапсырмалар:

1. Амандасу.

2. Кім тез?

3.Жасырынған сөзді тап.

4.Сөзжұмбақ                       

5.Егер....

6.Жарнама құрастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірінші тапсырма. «Амандасу» деп аталады. Тек қана амандасып қана қоймай, хал-жағдайын сұрап, ауа райы туралы сөйлесіңдер.   Мысалы:

Е.:  Сәлем! Халің қалай?

А.: Жақсы. Өзің ше?

Е.:  Керемет! Бүгін ауа райы тамаша. Маған ұнайды.

Р.: Сәлем! Далаға шығайық. Ауа райы тамаша. Күннің көзі жарқырап тұр. Аспан ашық.

А: Иә, бүгін жауын-шашынсыз. Саябаққа барайық, қыдырайық.

А.: Мен бармаймын. Бүгін суық, аязды. Мен суықты жақсы көрмеймін.

Е.: Онда біз  кеттік. Сау бол.

 

Екінші тапсырма. Кім тез?

/Әр командаға жиырма сөзден тұратын карточка беріледі. Оның ішінде тақырыпқа байланысты тек сегіз сөз бар. Олар қардың қиыршығын немесе күннің сәулесін тез жабу керек. Дұрыс және тез жапқан топ жеңімпаз атанады/.

 

Үшінші тапсырма. 1/ Жасырылған сөзді тап. Берілген әріптерден сөздер құраңдар.

                 амашат                                        блқыұалмы

                 Шанар                                         аушқ

                 Мерекет                                      тыбтұл

                 Ыжыл                                          уқсы

                 Ңыржлабы                                  кақөғатйк

                                 

                                                 

 

     2/ Жоғарыдағы сөздерді пайдаланып, «Сіздің отбасыңыздың жағдайы  қандай? Ауа райының қай күнімен салыстыруға болады?» деген сұраққа жауап беріңдер.

 

Төртінші тапсырма. Сөзжұмбақтың шешімін табыңдар. /Командаларға  сөзжұмбақ беріледі. 

                                 

Бесінші тапсырма. «Егер....» деп аталады.  Сөйлемді аяқтаңыздар.

Бірінші команда

Мысалы: Егер ауа райы жақсы болса, ......................................  

Егер ертең қар жауса және аяз болса, ...........................................

Егер ертең күн ашық болса, ........................................

Егер ертең жаңбыр жауса, адамдар....................................

Егер ертең қатты ыстық болса, ....................................................

Егер күннің көзі жарқырап тұрса, ................................................

 

Екінші команда

Егер жер тайғақ болса, ........................................................................

Егер  қатты жел соқса,  ......................................................................

Егер күн бұлтты болса, ............................................................................

Егер күні бойы жаңбыр жауса, ............................................................

Егер ертең суық болса, .......................................................................

Егер ертең қапырық болса, ....................................................................

 

 

Алтыншы тапсырма: Капитандар сайысы. Екі топтың капитандары алға шығады. Оларға қарсылас команда тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды. Қай топтың капитаны дұрыс жауап берсе, сол команда жеңімпаз атанады. Олар  жауапты тез берулері керек.

#2: Ауа райы. Жыл мезгілдері

Мой канал

Мой канал

Мой канал
Найти видео
Жыл_мезгілдері,_ай_атаулары,_апта_күндері.

Жыл_мезгілдері,_ай_атаулары,_апта_күндері.

06:25
Смотреть
4

4

01:49
Смотреть
3

3

01:24
Смотреть
2

2

01:35
Смотреть
#3:Мақал-мәтелдерді оқыту

Қазақ тілі сабағында мақал-мәтелдерді оқытудың өзектілігі (жалғастырушы топқа арналған)

    «Халық даналығының қазына - байлығы саналатын мақал-мәтелдердің және де сол сияқты басқа да тұрақты тіркестердің пайда болуы, әдетте, тіл өнерінің дамуына, сол тіл арқылы адамзат қауымының асыл арманын, ақыл-парасатын, өмірлік тәжірибесін, дүниетанымын ұрпағына ғибрат етіп ұсыну әрекеті нәтижесінде туындап, қалыптасқан рухани құбылыс болып есептеледі» /1,8/. Бүгінде жалпы саны 15 мыңға жеткен қазақ мақал-мәтелдері көненің көзі, дананың сөзі ретінде қазақ халқының өзімен бірге жасап, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып, елдің жадында сақталып келе жатқан асыл мұра болып саналады.

     Қазақ мақал-мәтелдерін зерттеуші ғалым М.Ғабдуллин мақал-мәтелдерін былайша сипаттайды: «Ең алдымен, әлеуметтік жағынан алғанда, мақал-үлкен толғау, образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып келеді. Ол адам өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде, қоғамдық жағдайларда кездесетін әртүрлі құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға, байсалды тұжырым есебінде қолданылады» /2,70/.

   Тіл үйренушілердің қызығушылығын арттыруда мақал-мәтелдердің үлгілерін пайдаланудың маңызы зор. Мақал-мәтелдермен танысу және  оларды білудің тәрбиелік мәні де жетерлік.

   Мақал көп жағдайларда тиянақталған ой ретінде, сөйлем түрінде келеді және олар нақыл-өсиет түрінде айтылатын пәлсапалық ой-қорытындылары болады. Ал мәтел сипаты жағынан бейнелеп сөйлеудің элементі тәрізді. Мәтелде ой, көбінесе, аяқталмай келте қайырылады.

   Мақалдың – жалпы мағынасы оның құрамындағы компоненттердің тура мағыналарынан туындаса, мәтелдердің - жеке мағынасы оның астарлап айтылған ауыспалы, идиомалық мағыналары негізінде қалыптасады.

    Қазақ тілінде мақал-мәтелдерді пайдаланудың негізгі мақсаты:

1.Үйренушілердің сөздерді дұрыс айту дағдысын қалыптастыру.

2.Кейбір грамматикалық құбылыстарды түсіндіру және бекіту.

3.Сөздік қорын кеңейту және байыту.

4.Сөйлеу әрекетіне ынталандыру.

    Мақал-мәтелдерді пайдалану мақсатынан шыға отырып, оларды тілді үйретудің әртүрлі деңгейлерінде қолдануға болады.

    Бастапқы деңгейде мақал-мәтелдерді фонетикалық жаттығулар ретінде пайдалануға болады. Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды, сондай-ақ буындарды дұрыс айту үшін, мысалы, мұрын жолды /ң/ дыбысын, /ө/, /ұ/, /ү/ сияқты еріндік дыбыстарды тыңдап, жаттығуға болады. Мысалы, Өз үйің – өлең төсегің. Жүре берсең, көре бересің, Көре берсең, біле бересің. Сұңқар қиясын сағынады, Торғай ұясын сағынады. т.б.

   Орта деңгеймен жұмыс кезінде мақалдар тек дұрыс айтуға ғана дағдыландырмай, сондай-ақ сөйлеу әрекетіне ынталандыруға да көмектеседі. Мысалы, «Досы көппен сыйлас, Досы азбен сырлас» деген мақалмен таныстырған соң,  Досыңыз көп пе?, Досыңыз қандай адам?, Достық ұғымын қалай түсінесіз? т.б.деген сұрақтар қоюға болады.

   Жалғастырушы деңгейде мақал-мәтелдерді грамматикалық материалды пайдаланғанда жене лексикамен жұмыс кезінде пайдалануға болады және студенттер мақалдардың мәнін түсіндіріп, оған өзінің көзқарасын, пікірін айта алуы тиіс.

  Жалғастырушы деңгейде оқитын студенттерге қазақ мақал-мәтелдерінің құрылымдық тұлғасы (структурная типология) түсіндіріледі. «Қазақ мақал-мәтелдерінің құрылымдық тұлғасы үш түрлі үлгіден тұрады:бір тағанды, қос тағанды және көп тағанды. «Таған» дегеніміз логикалық ой-тұжырымның бүтін бір бөлшегін, табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың, қалып-күй, іс-әрекеттің сипатын, ерекшелігін, себебі мен салдарын білдіретін сөз тіркесі, синтаксистік бірлік» /1,62/.

   

1-тапсырма: «Адам» тақырыбына қатысты мақалды аяқтаңыз.

  1. Адам қатесіз болмас, ...  .

  2. Адамның бір жақсысы – көзінен, ... .

  3. Адам сөйлескенше, ... .

  4. Адам туа жаман болмайды, ... .

  5. Адам көркі – шүберек,  ... . 

2-тапсырма: Мақалдарды сәйкестендіріңіз.

  1. Ақыл бітпес дәулетке,                        ғалымның хаты өшпейді.

  2. Алтын тағың болғанша,                    талаптыға болсын кез.

  3. Білімдіден шыққан сөз,                      алақандай жерің болсын.

  4. Білімдіден ақыл шығар,                     Білімсіздің сөзі – білектей.

  5. Білімдінің сөзі – жібектей,                  ақылдыдан нақыл шығар

  6. Жақсының аты өшпейді,                     Дәулет бітпес келбетке.

3-тапсырма: Тірек сөздерді пайдалана отырып, мақал-мәтелдерді құрастырыңыз.

    Той, ас:       Той – тондынікі, ас - аттынікі

    Қыз, бөз:     Ата даңқымен қыз өтер,

                         Мата даңқымен бөз өтер

 

4-тапсырма: Төменде берілген тірек сөздерді қажетті орнына қойыңыз.

    Қайырымсыз болса - ... без,

    Өткелсіз болса - ... без;

    Асусыз болса - ... без;

    Пайдасыз болса - ... без;

    Панасыз болса - ... без;

    (хан, су, тау, бай, сай)

 

5-тапсырма:

а) Екі құрамдық бөлшектен тұратын қос тағанды мақал-мәтелдер жазыңыз.

          Асыл – тастан,

          Ақыл – жастан.

          Қуған жетпес,

           Бұйырған кетпес

 ә) Үш құрамдық бөлшектен тұратын қос тағанды мақал - мәтелдер жазыңыз.

       Біреудің көзі соқыр,

       Біреудің өзі соқыр.

       Біреу тоңып секіреді,

       Біреу тоңып секіреді

б) Төменде берілген сөздерді пайдаланып, алты құрамдық бөлшектен тұратын қос тағанды мақал-мәтелдерді құрастырыңыз.

1) ат, үш, деген, басар,жерін, баспаймын. ер, деген, үш, татпаймын, тұзын, татар. 

2) құтты, келсе, егіз, қонақ, қой,табады,құтсыз, келсе, қасқыр,қонақ, қойға, шабады.

6-тапсырма: Кестеде берілген «Адам»,        «Қоғам», «Табиғат» саласына жататын тақырыптық макротоптарға қатысты мақал – мәтелдерді  толықтырыңыз.

#4: Фразеология
bottom of page