top of page
Танысыныз, ол креативті оқытушы!
Мой канал

Мой канал

Бейне сюжетпен жұмыс тапсырмалары

«Көшпенділер» фильмін қазақ тілін үйретуде қолдану

            «Көшпенділер» фильмінің жарыққа шығуы Қазақстандық әрбір қоғам мүшесіне әсер етті. Фильм тек Қазақстан азаматтарын ғана емес, шетелдіктердің арасында да үлкен толқу туғызды. Ол жөнінде әрбір көрерменнің өз пікірі, өз ойы бар. Фильмнің сюжеті бәрімізге таныс. Бұл онымен жұмыс істеуді жеңілдетеді, фильмді көру барысында қазақтың бай тілін тілді жетік меңгерген адамдар жоғары бағалады. Алайда орыс тілінде көргендер онымен таныса алмады. Фильмді сабақта пайдалану – ең бірінші, қазақтың сұлу көркем тілімен таныстыруды мақсат етуі қажет.

            Фильм ұсынылмас бұрын оқу тобының ол туралы пікірлері, ақпараттары сұралады. Оның қысқа болғаны дұрыс.

            Фильм ұсынылмас бұрын төмендегі сөздермен жұмыс жасалады.

  1. Мына сөздердің мағынасын білесіз бе?

пырақ –

қазақ жұрты –

бағзы заман –

ірге тебу –

жайпау –

шапқыншылық –

нәубет –

қалжырау –

Ата жау –

ұлан –

еңіреу –

сәуегей –

әмір ету –

жат –

күйіну –

сабылып іздеу –

несібе –

жалбарыну –

дақпырт –

сөзге қанық –

атбегі –

қауесет –

1- үзіндіні көру, тыңдау.

а) Осы үзіндіні көргенде қазақ елі  туралы  қандай ассоциация құрастырар едіңіз.

                                                     

                                                  азаттық

                                     

        Ел бірлігі       -------------------  Қазақ елі------------ата-баба

 

                                                         ауызбірлік

 

ә) Мына тұрақты сөз тіркестері қандай мағынада жұмсалған?

Сөздерді сәйкестендіріңіз.

1. Алты бақан ала ауыз болу                                   1 есту

2. ұшқан құстың қанаты талатындай дала             2 көз жасына қалмау

3. жолбарыстай айбатты                                          3 күшті

4. қатын-баланың обалына қалмай-ақ қояйын      4 бақытты

5. маңдайы жарқыраған ұл                                      5 бірлігі жоқ

6. құлағы шалу                                                          6 өте ұзақ, алыс жер

7. білектің күші, найзаның ұшымен қорғау           7 күресу

б)Мына етістіктер фильмде қандай сөздермен тіркеседі?

------------------------- қорғап қалды

-------------------------жайпау

-------------------------ұшырау

-------------------------қалжырау

-------------------------басын қосу

-------------------------кек алу

-------------------------аңсау

-------------------------күту

 

В) Жақша ішіндегі сөздерді өзара байланыстырыңыз.

(бағзы заман) ірге тепкен.

(ұшқан құс) қанаты талатын.

(бір ту) астына бірігу.

(ақтабан шұбырынды) ұшырау.

(исі қазақ) басын қосу

 

 

2 –үзінді.  

а) Қоңтайшы мен Ораздың арасындағы сұқбатты тыңдап, мына сұраққа тез ойланып жауап беріңіз.

 

1) «Сәуегей Ораз сенбісің?» дегендегі cәуегей сөзінің мағынасын айтып беріңіз?

2) «Елім деп еңіреген сол батырды іздеумен болдым» кім туралы?

3) «Шақырғанға бармасаң, шақыруға зар боларсың» деп  кім айтты?

(Оның астарын қалай түсінесің ?)

3-4 үзінділер көрсетіледі.

 

а) Ауызекі тілде жиі қолданылатын сөздерге көңіл аударыңыз.

Бұл кімнің сөзі?

  1. Ол құдірет құдайдың қолында. –

  2. Ат танымас қазақ жоқ. –

  3. Сыншылдығыңды көрейін (білімді көрейін, әншілігіңді көрейін, сәуегейлігіңді көрейін). –

  4. Дақпыртыңа талайдан бері қанықпын (атағыңа, сөзіңе, әніңе). –

  5. Тек жаратқанның көзі оң болсын. –

  6. Адамның емес, Алланың бергені қанағат. –

  7. Оны уақытында көрерсің. –

  8. Жұлдыз екеш жұлдыз да мәңгі жарқырап тұрмайды. –

  9. Болсақ болармыз (барсақ, барармыз). –

 

ә) Фильмде мына мақалдың қайсысын, қай үзіндіден естідіңіз?

            Бергенімді алмасаң, бергізуге зар боларсың.

            Шақырғанға бармасаң, шақырғанға зар боларсың.

 

б) Кейіпкер сөзінде берілген ойды тауып сәйкестендіріңіз.

1.Ораз: «Досы сүйінетін, дұшпан күйінетін маңдайы жарқыраған перзент»

         А. Көрікті сымбатты бала

         Ә. Бағы жанған бақытты бала

         Б.  Мейірімсіз қатыгез бала

2. Уали хан: «Жалғызыма пана бол»

         А.  Баламды өзім тәрбиелеймін

         Ә . Мен сен ойлағандай қорқақ емеспін

         Б.   Баламды өзіңе сеніп тапсырдым

3.  Қалден Серен: «Мына сәйгүлік нағыз дүр қағанға лайық тұлпар екен»

          А.   Жарамайтын нашар жануар

          Ә.   Жүйрік тұлпар

          Б.    Жарау ат

4.  Ораз:   «Азаттығым қымбат»

           А.    Алшақ болу

           Ә.    Арзан тауар

           Б.     Бостандығым артық

5.    Қалден Серен:«Ат басындай алтын берем»

            А.     Алтын береді

            Ә.     Мол байлығын беру

            Б.      Жылқы малын беру

6.    Ораз: «Жаңа жұлдыз туып келеді»

            А.     Жұлдыздардың көбеюі

            Ә.     Дүниеге ерекше тұлға келді.

            Б.      Жарық дүние

 

в) Төмендегідей сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Фильм не себепті Ораз бен қоңтайшының кездесуінен басталады?

  2. Сәуегей Ораздың  арманы қандай?

  3. Сәуегей Ораздың қай сөзі сізге қатты әсер етті?

  4. Қоңтайшының қайратты, күшті мінезі неден көрінеді?

  5. Қоңтайшының Оразға берген бағасы қандай?                         

г)Сөйлемдерді аяқтаңыз.

  1. Көшпенді қазақ жұртының ата-қонысын-----------------------------------------------

  2. Жан-жағын жолбарыстай жайпаған-------------------------------------------------------

  3. Бір тудың астына біріге алмай---------------------------------------------------------

  4. Шапқыншылықтан қалжыраған--------------------------------------------------------------

  5. Елім деп еңіреген--------------------------------------------------------------------------------

  6. Мен жоңғар емес, қазақпын. Жаттың әмірі--------------------------------------------

  7. Шақырғанға бармасаң,-----------------------------------------------------------------------

  8. Жұлдыз екеш жұлдыз да---------------------------------------------------------------------

Мәтінмен жұмыс түрлері
bottom of page